Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7853
Бір айда845
Бір аптада234
Кеше19
Тәулік1
Тәуелсіздік құрдастарын құттықтау
04-06-2021 15:15
Тәуелсіздік құрдастарын құттықтау
Бүгін, айтулы мереке - Мемлекеттік рәміздер күні Чернорецк ауылдық округінде еліміз үшін айрықша оқиға - Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай және елімізбен қатар мерейтойын тойлап жатқан округ тұрғындарын құттықтау мақсатында "Тәуелсіздік құрдастары" атты салтанатты шара өтті.
Шараға аудандық мәслихаттың хатшысы Айтуған Шайхимов пен депутат Дариға Қаржауова қатысты.
Қос депутат Тәуелсіздік құрдастарын мерейтойларымен құттықтап, еліміздің дамуы мен көркеюі жолында аянбай еңбек етуді тіледі.
Мерейтой иелері арасында осы ауыл тумасы аудандық мәслихаттың депутаты Рүстем Смағұлов та болды.
Шараға әдейі шақырылған ауылдың қазыналы ардагерлері де ізгі тілек пен игі лебізге толы баталы сөздерін жаудырды.