Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7996
Бір айда620
Бір аптада129
Кеше2
Ефремовкада құрылыс қызу жүруде
13-07-2021 10:06
Ефремовкада құрылыс қызу жүруде

"Құтты мекен" партиялық жобасын жүзеге асыру аясында аудандық мәслихаттың депутаты Вера Гейнц Ефремовка ауылындағы нысандарға мониторинг жүргізді.

Ағымдағы жылы су құбырының құрылысы аяқталады. Көшелердегі барлық инженерлік желілер тартылған. Терең сорғылар бұрғыланды, екі резервуар орнатылды. Қазіргі уақытта басқаруы жүзеге асырылатын сорғы станциясы ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Мердігер "Бақ Береке" ЖШС өкілінің ақпараты бойынша жақын арада тазарту құралдары әкелініп, орнатылады. Жұмыстар кесте бойынша жүргізілуде. Жұмыстарды аяқтау мерзімі - қараша айы.

Сондай-ақ, Ефремовкада тренажерлер орнатылды. Жалпы құны 1,3 млн.теңге. Тренажерларды шағын футбол алаңының жанында орналастыруға шешім қабылданды. Алаң дайындалды. Бір форма орнатылды. Жақын арада тұрғындар тренажерларды еркін пайдалана алады. Ал олардың қаншалықты дұрыс пайдаланылатыны жергілікті қоғамдастыққа байланысты болады.