Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7996
Бір айда620
Бір аптада129
Кеше2
шағын ауылдар тазалығы басты назарда
14-07-2021 11:38
шағын ауылдар тазалығы басты назарда

Бүгін Павлодар аудандық мәслихаттың депутатары Бақытбек Баткеев пен Рахат Тұрлұбай Павлодар ауданының полиция қызметтерлерімен, ауданның нақты секторы бөлімінің өкілімен бірлесіп Кеңес, Заря ауылдық округтарында заңсыз қалыптасқан қоқыс орындарына мониторинг өткізді.

Ауданымызда 137 заңсыз қатты тұрмыстық қалдықтар жинақталған қоқыс орындары анықталған. Мәселені шешу мақсатында бұл сұрақ мәслихат комиссиясында және "Nur Otan" партиясының экологиялық кеңесінде қаралып, тиісті шешімдер қабылданатын болады.

Сондай-ақ, қос депутат Кеңес ауылдық округінде Қаратоғай ауылының медициналық пунктінде тұрғындарды вакцинациялау барысымен танысып қайтты.
Заря ауылында халық қалаулылары азық дайындау мәселесі бойынша шаруалармен кездесті.

Кездесу барысында көтерілген сұрақтар мәслихат комиссиясында талқыланатын болады.