Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда8983
Бір айда1426
Бір аптада376
Кеше20
Тәулік1
"Халық радиосына" сұхбат
07-09-2021 16:24

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті жанынан 2017 жылы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған болатын.

Сол кезден бастап аудандық мәслихаттың хатшысы Айтуған Шайхимов аталмыш жұмыс тобының мүшесі болып қызмет етуде. Негізгі мақсат – халыққа көрсетілетін қызметтің сапасын артыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, бюрократиялық кедергілерді азайту.

Осы жұмыс тобының қызметі жайлы Айтуған Абылайұлы бүгін «Халық радиосы» арнасынан сұхбат берді. Атап айтсақ жыл басынан бері өткізілген 5 отырыста 22 сұрақ қаралды, 50 аса ұсыным жасалды. Халыққа қызмет көрсететін мекемелерге үнемі мониторинг жасалып тұрады.

Жұмыс барысында көтерілген көптеген сұрақтар «Nur Otan» партиясының бағдарламаларымен сәйкес келетіндіктен, партия мүшесі ретінде Айтуған Абылайұлы партиялық бақылауды да қатар алып жүреді. Әңгіме барысында осы мәселелерді егжей-текжейлі баяндап берді.