Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда9509
Бір айда952
Бір аптада174
Кеше0
Тәулік36
12 кезектен тыс сессия
06-10-2021 12:03
12 кезектен тыс сессия
Бүгін онлайн-режимде мәслихаттың 12 кезектен тыс сессиясы өтті. Күн тәртібінде 4 сұрақ. Бұл сұрақтардың барлығы алдын ала 5 қазан күні тұрақты комиссиялардың отырысында талқыланған болатын.
Бірінші және екінші сұрақ бойынша депутаттарды экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Жанар Рахимбердина хабардар етті
Бірінші сұрақ – ауылдық округтердің бюджетін нақтылау сұрағы бойынша ұсынылған ақпаратқа сәйкес Набережное ауылдағы тұрғын үйге, саябаққа құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеуге, жол белгілерін орнатуға және ауыл ішіндегі жолдарды күтіп ұстауға, Красноармейка станциясында балалар ойын алаңының қоршауын жасауға және орнатуға, жол белгілерін орнатуға, көше жарығына ағымдағы жөндеу жүргізуге, ҚТҚ контейнерлерін сатып алуға, Сычевка ауылының клубына аппаратура сатып алуға, күрделі шығындарға, көше жарығын ағымдағы жөндеуге және қызмет көрсетуге, жолдарды қысқы ұстауға, саябақты абаттандыру жұмыстарына, Корякова ауылындағы спорт алаңын қоршауға және тағы басқа шығындар жоспарлануда.
Сондай-ақ, «Ауыл-Ел бесігі» жобасы щеңберінде шараларды жүзеге асыру туралы ақпарат тыңдалды. Ағымдағы жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында 16 жоба жүзеге асырылды. Келесі 2022 жылы тағы 8 жобаны іске асыру жоспарлануда, барлық жобалардың жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Сұрақты талқылау барысында депутаттар білім беру ұйымдарында санитарлық тораптарда тұтқаларда орнатуды қарастыруды ұсынды.
Келесі жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентіне өзгерістерді енгізу жөніндегі сұрақты аудан әкімінің орынбасары Гүлнар Сейітқазина ұсынды. Өзгерістер Ольгинка ауылының, ауылдық округ әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін Павлодар аудандық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін Павлодар ауданы әкімінің Ольгинка ауылының, ауылдық округ әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісуде туындады.
Аудан аумағындағы көші-қон процестерін реттеу жөніндегі аудандық полиция бөлімінің көші-қон полициясының жұмысы туралы соңғы сұрақ бойынша депутаттарды аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Жандос Айтмұхамбетов хабардар етті. Жалпы аудан аумағындағы көші-қон жағдайы тұрақты, бірақ халық арасында үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстарын жүргізілгеніне қарамастан, өкінішке орай, біздің ауданда құжатсыз адамдардың тұру фактілері бар. Тек ағымдағы жылдың басынан бастап өтінішпен жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 11 азамат жүгінді. Бұл азаматтармен жұмыс жүргізілуде. Депутаттар құжаттандыру бойынша жұмысты әкімдермен бірлесе жүргізуді ұсынды. Барлық қарастырылған сұрақтар бойынша сәйкесті шешімдер қабылданды.