Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда8979
Бір айда1
Бір аптада0
Кеше0
Жаңақала ауылындағы медициналық пунктің күрделі жөндеу жұмыстарына мониторинг
15-11-2021 17:55
Жаңақала ауылындағы медициналық пунктің күрделі жөндеу жұмыстарына мониторинг
Бүгін "Nur Otan" партиясының облыстық филиалы мен "Nur Otan" партиясы Павлодар облыстық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Олег Костенко, Павлодар аудандық мәслихатының депутаттары Вера Гейнц, Дариға Каржауова, Nur Otan партиясы жанындағы Ұлт денсаулығы жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Сандуғаш Исина Павлодар ауданына қарасты Жаңақала ауылындағы медициналық пунктің күрделі жөндеу жұмыстарына мониторинг жасады.
Күрделі жөндеу жұмыстарын «СтройКомп-ПВ» ЖШС мердігер компания жүргізуде. Жобаның жалпы құны- 13 млн.тг құрады. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың 1 қыркүйегінде басталды. Аяқталу мерзімі 2021 жылдың 27 қазаны.
Қорытынды құжаттарға қол қою үшін орындалған жұмыстарға бақылау жүргізілді. Мониторинг барысында мердігер компанияға күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше ескертулер жасалды. Мердігер нысан бойынша жасалынған ескертулерді 4 күннің ішінде жоюға уәде берді.
Нысан Павлодар ауданы бойынша партияның сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасына сәйкес іске асырылуда.