Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда8979
Бір айда1
Бір аптада0
Кеше0
15 сессия
15-11-2021 18:23
15 сессия
Аудандық мәслихат хатшысының м.а. Гүлназ Қайырбаеваның төрағалығымен мәслихаттың 15 кезектен тыс сессиясы өтті. Төрт сұрақ қаралды: аудандық бюджетті нақтылау, жеке ауланы қолдау, аудан әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың дербес құрамын бекіту.
Бірінші сұрақты талқылау барысында депутаттар бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері – ауылдық округтердің әкімдеріне қазірдің өзінде өрт сөндірудің алдын алу бойынша жұмысты бастауды, яғни өрт сөндірудің алдын алу бойынша нақты іс-шараларды көрсете отырып, қаражат бөлу үшін өтінімдер жіберуді ұсынды.
Бұның алдында тұрақты комиссиялардың отырысында қаралған жеке аулаларды қолдау туралы екінші сұрақты талқылау барысында депутаттар ауылдық округтердің әкімдеріне мәслихатқа жеке аулаларды дамыту бойынша ұсыныстар жолдау туралы сұраулар жолданғанын атап өтті.
Кадрлық өзгерістерге байланысты депутаттардың қарауына консультативтік-кеңесші органдардың – терроризмге қарсы комиссияның және жастар ісі жөніндегі кеңестің жаңартылған құрамы ұсынылды, олар депутаттармен бірауыздан бекітілді.
Мәслихаттың кезектен тыс сессиясының қарауына шығарылған барлық сұрақтар талқыланып, олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.