Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда8979
Бір айда1
Бір аптада0
Кеше0
Ольгинка ауылындағы «Ертіс» ШҚ сүт-тауар фермасы мен су құбырының құрылыс жұмыстарымен танысу
18-11-2021 14:57
Ольгинка ауылындағы «Ертіс» ШҚ сүт-тауар фермасы мен су құбырының құрылыс жұмыстарымен танысу
"Nur Otan" партиясының облыстық филиалы мен облыстық мәслихаттың депутаттары Раушан Даумова, Света Абдраманова және Павлодар аудандық мәслихатының депутаты Бахытбек Баткеев сайлауалды бағдарламасының орындалуын жүзеге асырылуы мақсатында 857 тұрғыны бар Павлодар ауданының, Ольгинка ауылындағы «Ертіс» ШҚ сүт-тауар фермасы мен су құбырының құрылыс жұмыстарымен танысты.
«Ертіс» ШҚ сүт-тауар фермасының құрылыс жұмыстары аяқталды. Жалпы инвестиция сомасы 400 млн теңгені құрады. Шаруашылық қожалығымен Чехиядан симментал тұқымды 109 бас және Германиядан голштино-фриз тұқымды 65 бас импорттық мал сатып алынды. Жалпы 400 басқа жуық импорттық мал сатып алуға жоспарлануда.
Ольгинка ауылындағы ұзындығы 15 км құрайтын су құбырының құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Жобаның жалпы сомасы 768 млн.теңгені құрады. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың 6 сәуірінде бастылды. Аяқталу мерзімі 2021 жылдың 3 қараша айы. Су құбыры 283 үйдің шекарасына дейін жеткізілді, оның ішінде 60 үйге үйге енгізілді және 50 үйге мердігерлік ұйымнан демеушілік көмек ретінде халықтың әлеуметтік осал топтарына су құбыры тегін өткізілді.