Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7919
Бір айда578
Бір аптада159
Кеше54
Мәслихат тарихы
24-08-2018 09:10

Павлодар ауданының мәслихаты

1994 - 2018 жылдар

https://youtu.be/thIdZayN4RI

Біздің еліміздің мәслихаттарының жиырма бес жылға жуық құрылу тарихы бар. Бұл жылдар аралығында мемлекеттік биліктің осы тармағы қалыптасып, өз сайлаушыларының мүдделерін көтеруде халықтың көңілінен шығып, Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүргізіп отырған реформалық бағытын ұстанатынын дәлелдеді.

1993 жылғы 10 желтоқсанда ҚР Жоғарғы Кеңесі жергілікті мемлекеттік органдардың атауы мен құрылымына елеулі өзгерістер енгізген ҚР «Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы» Заңын қабылдады. Өкілді органдар мәслихаттар деп атала бастады.

Болған өзгерістердің мәні неде? Мәслихат институтының «туған күні» қандай тарихи күн болып саналады?

Халық депутаттары Кеңесінің орнына мәслихаттар - депутаттар жиналысы пайда болды. Мәслихаттар-депутаттар жиналыстары жергілікті кеңестерге қарағанда облыстарда, аудандарда, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда және елордада сайланды. Ауылдарда, ауылдық округтерде олар құрылған жоқ. Шын мәнінде, мәслихаттарға алғаш рет жергілікті халықтың еркін білдіретін және өз қызметін дербес, бірақ заңның қатаң шеңберінде және олардың құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың функциялары мен өкілеттіктері берілді. Әртүрлі деңгейдегі мәслихаттар енді тіке бағынысты қатынастармен байланысты болмады.

Туған күніне келер болсақ. 1994 жылғы 7 наурызда елде биліктің жергілікті өкілді органдарына – мәслихаттар-депутаттар жиналысына алғашқы сайлаулар өтті. Ал 29 наурызда Павлодар аудандық мәслихатының бірінші шақырылымының алғашқы ұйымдастырушылық сессиясы өтті, онда сайлау комиссиясы өкілеттік мерзімі 5 жыл 25 депутаттың өкілеттігін растады, төрт тұрақты және тексеру комиссиясын сайлады.

Өткен жылдар ішінде аудандық мәслихаттың алты шақырылымының құрамдарына балама негізде өндіріс, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, ғылым, білім беру және мәдениет салаларының көптеген көрнекті өкілдері, кәсіподақ мүшелері сайланды... Олардың көпшілігі өздерін қоғам қайраткерлері, түрлі дәрежедегі басшылар ретінде сәтті көрсете білгендігін, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқандығын атап өткен жөн. Бірінші шақырылым депутаттарының есімдерін атаса да жеткілікті болады - М.К. Камшук, И.И. Колодий, В.А. Мягкий, Ж. Тілепбергенов,Б.Т. Рахимова, Т.К. Баймағамбаев, М.Г. Қаратаева, К.Т. Смағұлов.

Аудандық бірінші, екінші, үшінші және бесінші сайланған мәслихаттардың хатшысы болып депутат Б.А. Оралов, үшінші шақырылымдағы мәслихат хатшысы Ж.К. Нұрғалиев, төртінші шақырылымда - Т.А. Қожахметов, алтыншы (қазіргі) - К.З. Байжанов, А.А. Шайхимов сайланды. Ауданда ғана емес, облысқа да танымал, сондай-ақ көптеген жылдар бойы өкілетті және атқарушы органдарда сәтті жұмыс істеген, практикалық және өмірлік тәжірибесі бар адамдар.

Әрине, өткен жылдардың ішінде осы басшылар мен өзге де белсенді депутаттар көптеген игі дәстүрлер мен бастамалардың негізін салды. Сонымен бірге жинақталған тәжірибені шақырылымнан шақырылымға қолдануға мүмкін болды, себебі депутаттардың көбісі бірнеше жылдар қатарынан жерлестерімен қайта сайлануда. Түрлі шақырылымдарда жұмыс істеген «ардагерлер» қатарында төрт шақырылымда да жұмыс істеген депутаттардыР.А. Духан, Б.А. Ораловты атап өткен жөн, үш шақырылымда - К.Б. Баширов, Б.Д. Қанкин, Е.М. Темірғалиев, екі шақырылымда - А.А. Макқаш, Т.А. Әріпбаев, К.С. Қабылбеков, К.Б. Шайғазин, И.И. Колодий, П.П. Кузьменко, С.С. Абдуллин, Ж.К. Нұрғалиев, С.М. Нұрғалиев, В.А. Гейнц (Бондарь), Б.К. Бейсенов, Б.Т. Баткеев.

Ел дамыды, айналадағы өмір өзгерді, сондықтан түрлі шақырылымдағы мәслихат та экономика мен қоғамда болып жатқан ағымдағы жағдайлар туралы әрқашан хабардар болды. Бірінші шақырылым депутаттары үшін (1994-1999 еске алыңыздар) халықты әлеуметтік қорғау, мұқтаж санаттарына: зейнеткерлер, ардагерлер мен мүгедектерге арналған атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бірінші кезекте болды. Бірінші сессиясының өзінде де және одан кейінгі үш сессияларда да бірінші сайланған мәслихатты ұйымдастыру, халықты әлеуметтік қолдау, Павлодар облысын радиациялық қауіпті аймаққа қосу туралы ұсынысты қолдау және т.б. мәселелер талқыланды. Бұған қоса экономиканы, тұрғын үй-коммуналдық жүйені реформалаумен, АӨК қайта ұйымдастыру, мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру, аудан бюджетін салықтар мен алымдар арқылы толықтыру мәселелерімен айналысу қажет болды.

Сонымен бірге, бірінші шақырылымның депутаттары өздері де тәжірибе жинақтады, өйткені олардың көпшілігі нақты өкілеттіктері мен міндеттері қандай екенін толығымен түсінбегендігін айта кету қажет. Сонда аудандық әкімшіліктің басшысы – сөзсіз дана адам Рамазанов Бағұстар Ғабдулхайұлы депутаттардың алдында қойған бірінші міндеті - әлеуметтік-экономикалық дамудың аса маңызды мәселелерін шешу үшін атқарушы және өкілді органдар бірлесіп жұмыс жасауды ұсынды. Бұған қоса облыстық және аудандық мәслихаттардың арасындағы ынтымақтастық дұрыстала бастады – барлығына жұмыс басталар алдында көмек, пікір алмасу қажет болды.

Осылайша «жергілікті парламентаризм» институты біртіндеп қалыптаса бастады. Кейбір депутаттар негізгі міндеті материалдық игіліктерді тарату емес, нарықтық қатынастарды қалыптастыру, экономиканың нақты секторы мен әлеуметтік саланың орнықты дамуы үшін жағдайлар жасау екендігін ұғынған жоқ. Бірақ Қазақстанда уақыт өте келе мәслихаттардың функцияларын айқындап, депутаттарға аймақтың негізгі проблемаларын және олардың тиімді шешудегі өз қабілеттерін анық көруге мүмкіндік берген елеулі өзгерістер орын алды.

Сол уақыт үшін көкейкесті кейбір мәселелер ұмыт қалды, кейбірі осы уақытқа дейін өзінің өзектілігін жоғалтпаған, ал жалпы 1-3-ші сайланған мәслихат депутаттарының жұмысының ерекшелігі жаңа, жас тәуелсіз мемлекет - Қазақстан Республикасының құрылуының басталуы мен жалғасуы жағдайларында өткендігінде. Ауданның дамуына өз үлестерін қосқандепутаттар: К.К. Қарақұлов,К.А. Закарьянов, В.Т. Видман, Б.Г. Асылбеков, Т.М. Қайтаев, С.З. Ниязов, С.К. Смағұлов, Б.Т. Файзулин, Г.К. Шагиров.

Жиырма жылдыңішінде мәслихаттар ұзақ та сындарлы жолданөтті, айтарлықтай тәжірибе жинақталды, бірақ жергілікті өзін-өзі басқару жүйесініңқалыптасуыәлі аяқталмаған.

2001 жылғы 23 қаңтарда Парламентпен біз жұмысымызда негізге алып отыратынҚазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы жаңа заңықабылданды.

Төртінші шақырылымның жұмыс жасауы барысында еліміздің барлық салаларына әсер еткен экономикалық дағдарысты (2009 ж.) еңсеру бойынша белсенді шаралар қабылданды. Мемлекетіміз дағдарысты еңсеру және экономиканы ынталандыру бойынша алдын алу шараларын қабылдағандардың алғашқылардың бірі болды. Бірде-бір әлеуметтік бағдарлама қысқартылып, жабылған жоқ. Бюджеттік саланың барлық қызметкерлері уақытылы жалақы алып отырды. 2009 жылғы дағдарыс белгілі бір оң нәтижемен аяқталды. Мұнда 4-ші шақырылым депутаттарының да үлесі бар. Уақытылы қабылданған шешімдердің арқасында аудандағы барлық дағдарысқа қарсы шаралар сәтті жүзеге асырылды. Депутаттар дағдарысты еңсеруге мәслихат сессияларында шешім қабылдау жөніндегі жұмысымен ғана қатысқан жоқ. Аудан активімен бірге депутаттар халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау жөніндегі қайырымдылық акцияларға белсене қатысты. Атап айтқанда: «Келешек», «Мектепке жол» акциялары, табиғи апаттардан зардап шеккендер үшін қаражат жинау және басқалар (Е.М.Темірғалиев, С.С.Абдулин, Б.Д.Қанкин, В.А. Литвин, Б.К. Бейсенов, М.Т. Баткеев, Қ.Қ. Қабылбеков, И. Иманханов); депутаттармен аудандық меншікке Аққұдық және Жаңа қала ауылдарына клуб мекемелерін орналастыру үшін ғимараттар тапсырылды (С.М. Нұрғалиев, Б.А. Оралов); депутаттың жеке қаражаты есебінен Чернорецк ауылындағы мешіттің күрделі жөндеуі жүргізілді (С.К. Байболатов).

Біздің міндетіміз - атқарушы билікпен бірлесіп шешілуі қажет мәселелерді уақытылы шешу. Бұл міндетті халықтың мәслихат депутаттарымен тікелей байланысты ұйымдастыру арқылы шешеміз.

5-ші сайланған мәслихаттың депутаттары өз жұмысын 2012 жылғы 20 қаңтарда бастады. Павлодар аудандық мәслихатына 12 депутат сайланды. Әйелдердің өкілдігі айтарлықтай (екіден төртке дейін) артты.

Бесінші шақырылымның депутаттары жұмыс жасау барысында тарихи оқиғалардың тікелей қатысушылары болды: 2013 жылы – сәуір айында ауданның әкімшілік-аумақтық құрылымының өзгеруі, маусым айында аудан әкімі тағайындалуына келісім беру, тамызда ауыл әкімдерінің сайлауы; 2015 жылы - Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы; 2016 жылы - аудандық қоғамдық кеңесі мен жергілікті полиция қызметінің құрылуы.

Әр шақырылым сайын депутаттардың жұмыс жасауының жалпы стилі өзгереді. Бесінші шақырылымның депутаттары көп жағдайда әлеуметтік саланы (58%) ұсынды, сәйкесінше әлеуметтік мәселелерді күрт талқылады. Оған қоса аудандық бюджет әлеуметтік бағдарланған болды - шығыс бөлігінің 72% -дан астамы. Депутаттық өтініштерге жауап беру мерзімдерін сақтауға, атқарушы органдардың заңнамалық талаптарды орындауға байланысты мәселелерге талаптар көбірек қойыла бастады.

СӨС және спортты насихаттау мақсатында депутаттар өздерінің спорттық командаларын құрды, өз қаражаттары есебінен бірыңғай форма сатып алынды, эмблема әзірленді. Депутаттар дәстүрлі түрде облыс мәслихаттары арасында волейболдан өткізілетін турнирлерге қатысады. Мәслихаттардың 20 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында бесінші шақырылым депутаттары өздерінің ұйымдастыру комитетін құрды. Салтанатты шараға қоса, балық аулау турнирі, волейбол турнирі, ардагерлермен кездесу өткізілді.

2016 жылы қазір өз қызметін жүзеге асырып жатқан алтыншы шақырылым сайланды. Қазіргі шақырылымның ерекшелігі мәселелер тек аудан деңгейінде ғана емес, сондай-ақ облыстық деңгейдегі мемлекеттік органдардың қатысуымен кеңінен талқылана бастады. Солай жер заңнамасы, экология мәселелері талқыланды. Проблемалық мәселелерді талқылауға жұртшылықтың қатыстыру бойынша жұмыс белсенді бола бастады, сонымен бірге ауданның ауылдарына бірлескен отырыстар өткізу жүйелі түрде жүргізіліп отырады. Көшпелі топтар құрамында депутаттар, Қоғамдық кеңестің мүшелері, жергілікті қауымдастықтар жиналысының мүшелері, аудандық БАҚ. Цифрлауды енгізумен барлық депутаттық қызмет депутаттармен де, мәслихат аппаратымен де тұрақты түрде әлеуметтік желілерде жарықтандырылды, мәслихаттың өз интернет-ресурсы ашылды, мәслихат аппараты нормативтік құқықтық актілерді электронды түрде тіркеу режимінде жұмыс жасайды.

Аудан әкімдігі мен мәслихатының қойылған міндеттері мен мақсаттарының бірлігін дұрыс түсіну нәтижесінде көрсетілген кезеңде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында белгілі бір жетістіктерге қол жеткізілді. Бұл жетістіктер халық талабына, аудан ұйымдарының басшыларының әрекеттеріне қажетті бағыт бере алған әкімдік пен мәслихаттың бірлескен, келісілген жұмысының нәтижесі.