Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7458
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзі
11-01-2022 16:28
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзі

«ҚАСІРЕТТІ ҚАҢТАР» САБАҒЫ:

ҚОҒАМ ТҰТАСТЫҒЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК КЕПІЛІ

 

Құрметті Төраға! 

Құрметті Мәжіліс депутаттары!

Тәуелсіздік тарихында біз алғаш рет аса күрделі және қатерлі кезеңге тап болдық. Ел басына түскен осындай сынақты қайыспай біртұтас ел болып еңсере білдік.

Енді біз мұндай жағдайға ешқашан жол бермеуіміз қажет. 

Сондықтан, еліміз душар болған ауыр қасіреттің себептерін саралап, оның салдарына нақты баға беру – алдымызда тұрған өте маңызды міндет. 

Өкінішке қарай, бүгінде халық арасында осы оқиғаға байланысты түрлі қарама-қайшы, шындыққа жанаспайтын жалған ақпараттар тарап кеткенін көріп отырмыз.

Мұның, әрине, бірнеше себептері бар: кейбір азаматтарымыз ахуалды егжей-тегжей білмей тұрып, қате пікірде болса, кейбірі әдейі ақпаратты бұрмалап, жағдайды одан бетер ушықтырады.

Бірақ, бізге керегі – тек ақиқат қана.
Сол себепті, оқиғаларды мұқият зерттей отырып, айтарым: жыл басынан бері орын алған барлық жағдайлар – бір тізбектің тармақтары деуге толық негіз бар.

Ашығын айтсақ, бұл бірнеше жыл бойы алдын ала ойластырылған зұлымдықтың көрінісі. Олардың көздегені – өздерінің қатігез пиғылдарын іске асыру болғаны айдан анық.

В этом ряду находятся и беспорядки в Жамбылской области, различные провокации на межэтнической почве и другие конфликты.

Сплоченность нашего общества методично расшатывали, в том числе посредством акций протеста, согласно профессионально разработанным сценариям.

Конспиративно шла подготовка конкретных исполнителей радикальных мер.

Комитет национальной безопасности как уполномоченный орган не смог и не захотел дать четкую оценку этой подрывной работе. Не разглядел критической угрозы национальной безопасности.

Организаторам атаки оставалось найти только повод, который появился бы в любом случае.

В качестве инструмента было использовано недовольство населения из-за роста цен на автогаз.

Далее события развивались как по спирали.

На первом витке произошли митинги в ряде регионов, в частности, в Жанаозене.

На втором – подключились бандиты и мародеры.

Далее последовала «горячая» фаза уже с участием вооруженных террористов, в том числе зарубежных боевиков.

После этого стала очевидна их ключевая цель – дезорганизация институтов государственного управления, подрыв конституционного строя, в конечном итоге захват власти.

Называя вещи своими именами, и я уже заявил вчера об этом на саммите ОДКБ, против нашей страны была развязана террористическая война.

Враг показал крайнюю жестокость и готовность пойти на любые шаги.

Он сеял страх среди населения, чтобы подавить даже саму мысль о сопротивлении.

План атаки на Казахстан включал в себя целый ряд различных аспектов: военный, политический, идеологический, дезинформационный и прочие. Над подготовкой захвата власти работали профессионалы.

Коль скоро это была вооруженная агрессия со стороны международного терроризма против нашей страны, то Казахстан юридически обоснованно обратился к своим партнерам по Договору о коллективной безопасности с просьбой направить миротворческий контингент.

Необходимо понимать: на момент принятия такого решения мы могли полностью утратить контроль над Алматы, который просто был бы отдан на растерзание террористам.

Потеряв Алматы, мы потеряли бы столицу, а затем всю страну. В этом суть событий трагических январских дней.

С появлением миротворческого контингента в столице мы смогли перебросить отсюда дополнительные части спецназовцев в Алматы и спасти город.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына жеке тоқталғым келеді.

Бұған қатысты түрлі қауесеттің, әсіресе, шетелде тарап жатқан жаңсақ пікірдің алдын алу қажет.

Бұл ұйым ұжымдық қауіпсіздік мәселелерімен айналысады.

Қазақстан – оның толыққанды құрылтайшысының бірі.

Осы ұйымның барлық мүшелерінен жасақталған бітімгершілік контингенті Қазақстанға уақытша мерзімге ғана келді.  Оған жүктелген міндеттер нақты айқындалған.

Бұл – стратегиялық нысандарды күзету және ақыл-кеңес беріп, қолдау көрсету.  

Лаңкестерге қарсы операцияны толығымен Қазақстанның күштік құрылымдары жүзеге асыруда.

Шын мәнінде, солардың жанкешті
іс-әрекетінің арқасында төңкеріске жол берілген жоқ.   

Попытка государственного переворота, покушение на целостность страны провалились.

Вместе, как единая нация, мы отстояли Алматы и другие областные центры. В кратчайшие сроки они будут восстановлены и станут еще краше.

Теперь это моя личная обязанность и, естественно, ответственность Правительства.

Пользуясь настоящей возможностью, хотел бы выразить сочувствие жителям городов, ставших объектами террористической агрессии.

*  *  *

Сегодня, когда эти «черные» дни уже позади, хочу отметить мужество бойцов спецподразделений МВД в отражении террористической агрессии.

Например, в Алматы небольшая группа полицейских две ночи подряд отбивала атаки бандитов, пытавшихся захватить здание Департамента полиции.

В критической ситуации достойно проявили себя и военнослужащие Министерства обороны и Службы государственной охраны.

Однако не все проявили верность своему долгу.

В ряде городов руководители ДКНБ, несмотря на достаточный боевой арсенал, не вступая в бой покинули служебные здания, оставив там оружие и секретную документацию.

*  *  *

Теперь хочу обозначить первые контуры работы, которую нам предстоит выполнить.

Первое. Необходимо успешно завершить антитеррористическую операцию.

Полностью восстановить правопорядок, чтобы наши граждане могли свободно ходить по улицам городов, поселков и аулов, работать и учиться, не опасаться за своих детей и близких.

В целом острая фаза контртеррористической операции пройдена.

Ситуация во всех регионах стабильная.

В связи с этим заявляю, что основная миссия миротворческих сил ОДКБ успешно завершена.

Через два дня начнется поэтапный вывод объединенного миротворческого контингента ОДКБ. Процесс вывода контингента займет не более 10 дней.

Второе. Следует найти и наказать всех боевиков и их пособников, причастных к преступлениям против мирных граждан.

Критически важно разобраться с теми, кто стоит за террористическими атаками.

Другой крайне важный момент: почему государство «проспало» наличие спящих ячеек боевиков и деятельность их командного пункта?

Почему на территории нашей страны оказалось так много нелегального оружия и спецсредств?

Почему не проводилась агентурная работа по выявлению и нейтрализации адептов терроризма?

Специальная следственно-оперативная группа должна качественно и в полном объеме выполнить свою работу, раскрыть все причины и детали трагедии.

Үшінші. Қаза болған тәртіп сақшыларының, әскери қызметшілер мен қарапайым азаматтардың отбасына көмек көрсету – біздің қасиетті борышымыз.

Бұл мәселе менің жіті бақылауымда болады. 

Тұрғын үймен, оқумен және басқа да қажетті нәрсемен қамтамасыз етеміз.

Төртінші. Қысқа мерзім ішінде қираған дүние-мүлікті қалпына келтіру керек.    

Толығымен қалыпты өмірге ораламыз.

Қаржы жүйесі мен көлік саласының, азық-түлік жеткізу ісінің еш кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тапшылығын, бағаның негізсіз көтерілуін болдырмау маңызды. 

Үкімет комиссиясы өз жұмысын бастап кетті. Ол азаматтар мен бизнеске қолдау көрсетеді.

Мемлекет қаржылай көмекпен қатар, кәсіпкерлерге басқа да қолдау түрлерін ұсынады.

Атап айтқанда, несиелер бойынша пайыздық төлемдер, айыппұл мен өсімпұл белгілеу тоқтатыла тұрады. 

Бесінші. Еліміздің қауіпсіздігін нығайту және қауіп-қатердің алдын алу үшін шұғыл шараларды жүзеге асыру қажет.

Біз сарбаздарды, әскери техника мен қару-жарақты қажетті жерге жедел жеткізу үшін әскери-көлік авиациясы паркін толықтыру ісін қолға аламыз.

Мемлекеттік шекараны нығайтуымыз керек. 

Көші-қон, соның ішінде ішкі көші-қон саласын тәртіпке келтіретін кез келді.

Қару-жарақ айналымын мұқият тексеріп, оны заң тұрғысынан реттеу қажет.

Шұғыл түрде қираған ғимараттар мен арнаулы техниканы жөндеп, бейнебақылау жүйесін іске қосып, құқық қорғау органдарының қызметін қалпына келтіру керек.       

*  *  *

Особо хочу остановиться на такой стратегической задаче, как кардинальная реорганизация всей системы обеспечения национальной безопасности.

Предстоит перестроить работу наших Вооруженных сил, правоохранительных структур, органов национальной безопасности, внешней разведки.

Все они должны слаженно работать во имя одной цели – максимально эффективной защиты наших граждан, конституционного строя и суверенитета от угроз любого характера и масштаба.

Этого требуют коренные интересы нашего государства.

Для решения данной задачи необходимо сфокусироваться на следующих приоритетах.

Первое. Внести срочные коррективы в реформирование правоохранительной системы.

Мы значительно продвинулись в деле создания сервисной модели полиции и модернизации уголовного процесса.

Но нужно быть готовыми противостоять тотальным террористическим атакам.

Командованию силовых структур незамедлительно приступить к отработке боевых навыков, оснащению эффективными средствами защиты и нападения.

Второе. Укрепить количественно и качественно Национальную гвардию.

Предстоит сформировать ее новые подразделения в регионах и усилить действующие, решить вопросы с транспортным и материально-техническим обеспечением.

Увеличить численность подразделений специального назначения МВД и Национальной гвардии.

Повысить уровень боеготовности.

Дооснастить необходимыми специальными и транспортными средствами.

Увеличить оплату труда сотрудников спецподразделений всех силовых органов.

Третье. Повысить правовую защищенность полицейских.

Ужесточить ответственность за нападения на представителей власти и неподчинение законным требованиям.

Четвертое. Кардинально повысить боеспособность армии.

В кратчайший срок создать командование Сил специальных операций.

Пятое. Пересмотреть принципы организации и управления Пограничной службой.

Провести ревизию реформ, которые сместили акцент с войсковой охраны государственной границы на оперативные методы работы.

Шестое. Полностью перестроить деятельность разведывательного сообщества, включая внешнюю, военную, криминальную и финансовую разведку.

Седьмое. Обеспечить эффективную координацию между различными силовыми структурами.

Актуализировать алгоритмы действий госорганов в кризисных ситуациях, усилить межведомственную координацию.

Наладить оперативную и военно-техническую совместимость всех силовых структур.

Восьмое. Обеспечить самостоятельность силовых структур при принятии решений, повысить уровень ответственности их руководителей.

Девятое. Реализовать комплекс системных мер по противодействию религиозному экстремизму.

Ни в коем случае не допустить его сращивания с криминалом, особенно в учреждениях уголовно-исполнительной системы.

В ближайшее время мы проведем заседание Совета Безопасности, на котором рассмотрим конкретные направления реализации всех этих задач.

Следует признать, что произошедшие трагические события во многом вызваны серьезными социально-экономическими проблемами и неэффективной, а точнее, провальной деятельностью некоторых государственных органов.

Произошел заметный отрыв отдельных исполнительных органов от трудных реалий и потребностей граждан. У представителей властных структур сформировалось искаженное представление о жизни людей, их чаяниях и запросах.

Обострилась и проблема неравенства. Она усугубляется из года в год, хотя средние показатели доходов населения вроде бы растут, по крайней мере на бумаге.

Однако за приличными средними заработками скрывается сильное имущественное расслоение в обществе. Многие насущные проблемы граждан не решены.

Обеспечение благополучия и качества жизни – главная задача государства. Эти слова следует перевести в плоскость реальных дел.

Доходы всех групп населения должны расти по мере роста экономики. Это непреложная аксиома, которая в нашем случае не работает.

Созданная в стране социально-экономическая система показала достаточную эффективность в обеспечении общего роста национального дохода, но при этом является неэффективной в его распределении, и вы это хорошо понимаете и знаете.

Ключевыми выгодоприобретателями экономического роста стали финансово-олигархические группы.

Сложившиеся олигополии серьезно ограничили развитие свободного рынка и снизили конкурентоспособность страны.

Ең алдымен, еліміздің жаңа экономикалық тұғырын қалыптастыруды мықтап қолға алу қажет.

Экономикалық саясатымыздың мақсаты – айқын. Бұл – заман талабына сай әлеуметтік бағдары бар нарықтық экономика құру және дамыту.

Бұл жүйенің өзегінде қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіне білетін кәсіпкерлеріміздің ауқымды тобы тұратыны анық. Яғни, бұл – өзінің және балаларының тағдырын Қазақстанмен ғана байланыстыратын кәсіпкерлер.

Дәл осындай кәсіпкерлер ел болашағы үшін өзіне жауапкершілік алуға дайын. 

Сол себепті, кәсіпкерлікті дамыту үшін жүйелі жұмыс атқару өте маңызды. 

Мен бизнеске түскен бюрократиялық салмақты айтарлықтай азайтып, оның
өсіп-өркендеуіне жол ашатын заңға қол қойдым.   

Үкімет осы заңның әлеуетін нақты іс жүзінде пайдалануы қажет.

Много справедливых вопросов вызывает эффективность и доступность мер государственной поддержки.

Сложившаяся система ориентирована главным образом на обслуживание крупных структур по принципу: «друзьям все, остальным – по закону».

По сути, данная система еще более усиливает олигополию в экономике. Большие предприятия пользуются особыми привилегиями, подавляя конкуренцию и препятствуя проведению реформ.

Например, Банк развития Казахстана, по сути, превратился в личный банк для избранного круга лиц, представляющих финансово-промышленные и строительные группы. Мы знаем всех пофамильно.

Пользуясь доступом в высокие кабинеты, они получают привилегированные условия для реализации своих проектов.

На эти проекты отвлекаются ресурсы государства, которые могли быть использованы для развития именно малого и среднего предпринимательства.

Правительству поручается перестроить деятельность БРК.  

Остаются непрозрачными, неэффективными и процедуры предоставления мер государственной поддержки.

Следует кардинально пересмотреть эти подходы. Это должны быть прозрачные и понятные механизмы. Особое внимание нужно уделить развитию малого и среднего бизнеса в регионах.

Әділ бәсекелестік біздің экономика үшін басты талапқа айналуға тиіс.   

Бүгінде бағаны ымыраласа отырып белгілеу қалыпты нәрсеге айналды.

Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың сатып алу саласында картельді келісімдер жасасу кеңінен тарап кетті.

Мысалы, Мен былтыр фармацевтика нарығындағы картельді ретке келтіруді тапсырдым. 

Бірақ, кейбіреулер заңнамадағы кемшіліктерді желеу етіп, бұл жұмысты аяқсыз қалдыруға тырысуда.     

Сондықтан, картельді келісімдер жасасты деген күдік болған жағдайда мемлекеттік сатып алуға қатысушыларды тексеруге тыйым салу туралы мораторийдің күшін жоюды тапсырамын.

Келесі мәселе. Жылдан жылға біздің азаматтарымыз бен кәсіпкерлеріміз жанар-жағар май өндіру және оны бөліп-тарату жүйесінің ашық болмауынан зардап шегіп келеді.  

Тіпті, жанар-жағар май бағасын жарты жыл бойы қолдан реттеуге мәжбүр болып отырмыз.

Осы кезеңде Бас прокуратура Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен, сондай-ақ Энергетика министрлігімен бірлесіп, осы саладағы жұмыстарды ретке келтіруге, оны реформалау үшін кешенді ұсыныстар әзірлеуге тиіс.

Егер бұл жұмыс бір жолға қойылмаса, жанар-жағар май бағасын реттеу жүйесі сақталады.

Келесі мәселе – «Самұрық-Қазына» қоры қызметінің тиімділігі.

Бүгінде бұл қордың активі еліміздің ішкі жалпы өнімінің
60 пайызына жуықтайды.

Яғни, осы ұйымның тиімді қызметі бүкіл экономикамызды өркендетуге тікелей әсер етеді.

Қордың КЕГОК, Қазақгаз және Қазақстан темір жолы сияқты инфрақұрылымдық компаниялары экономикамыздың барлық дерлік секторының тиімділігін айқындайды.  

Осы тұста, қор өзінің негізгі міндетін орындап отыр ма, яғни ұлттық байлықты еселей алды ма деген орынды сұрақ туындайды.

Қомақты жалақы алатын қызметкерлері, директорлар кеңесі немен айналысады?

Қызметі өте қымбат консалтинг компанияларын және шетелдік мамандарды жұмысқа тартқаннан пайда бар ма?

«Самұрық-Қазына» қоры еліміздің стратегиялық активтерін басқару ісінде басты рөл атқарады.

Сондықтан, Үкіметке Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесіп, квазимемлекеттік секторды түбегейлі реформалау үшін ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын.

Егер Қорды реформалау мүлдем мүмкін болмаса, ондай құрылымның экономикамызда болмағаны жөн.  

Сохраняются вопросы по прозрачности закупок Фонда. Жалобы приходят регулярно.

Следует обязательно найти ответы на данные вопросы. В частности, важно сократить основания, позволяющие заключать договоры по государственным закупкам способом из одного источника.

Предстоит в целом пересмотреть порядок закупок «Самрук-Казына» и иных национальных компаний.

В прошлом году вышел новый Закон о регулируемых закупках, но большое количество вопросов по-прежнему решается на уровне подзаконных актов и решений самого Фонда.

Нужно обеспечить согласование правил и процедур «Самрук-Казына» с Министерством финансов и Агентством по защите и развитию конкуренции.

Экономикалық өсім мемлекеттің экономикадағы үлесін азайтумен тығыз байланысты.

Бірақ, жекешелендіру жүйелі және ашық жүргізіліп жатқан жоқ.

Атап айтқанда, бәсекелестік ортаға берілуге тиіс активтерді іріктеу тәсілдері айқындалмаған. Оны шұғыл әзірлеу қажет.

Үкіметке Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, тиісті Мемлекеттік комиссияның жекешелендіруге қатысты шешімдерінің толық ашық әрі айқын болуын қамтамасыз етуді тапсырамын.

Экономиканы әртараптандыру – күрделі міндет. 

Әртараптандыру болмаса, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттырып, тұрақты жұмыс орындарын ашу мүмкін емес. 

Бұл жұмыстың басты бағыты – өңдеу өнеркәсібін дамыту. Дегенмен, ел экономикасындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі айтарлықтай өсті деп айтуға келмейді.

Біз әлі күнге дейін бірқатар өнім түрінен импортқа тәуелдіміз.

Жыл өткен сайын еліміздің төлем балансында өткір тапшылық байқалуда.   

Алюминийден, мыстан жасалған дайын бұйымдар және машина жасау саласына қажетті жабдықтар әлі күнге дейін шетелден әкелінеді.

2020 жылдың қорытындысы бойынша тек мұнай-газ және тау-кен машина жасау саласының импорты 4 миллиард доллардан асты.

Әлде еліміздегі кейбір адамдар  ахуалдың дәл осындай күйде болуына мүдделі ме? 

Үкімет бүкіл өнеркәсіп саласына терең талдау жұмысын жүргізуге тиіс.

Шикізат қорын, құзіреттері мен экономикалық тиімділікті ескере отырып, бәсекеге қабілетті секторларды а