Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7721
Бір айда666
Бір аптада161
Кеше30
Тәулік4

БАҚЫТБЕК ТІЛЕУБАЙҰЛЫ БАТКЕЕВ - Павлодар аудандық мәслихатының депутаты

Дәреже: Депутаттар
БАҚЫТБЕК ТІЛЕУБАЙҰЛЫ БАТКЕЕВ - Павлодар аудандық мәслихатының депутаты

1958 жылғы 15 мамырда туған, білімі жоғары, Павлодар индустриалды институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген. Қазақ. Үйленген, екі баласы бар. Еңбек жолын 1974 жылы трактор зауытында ағаш ұстасы болып бастады. Түрлі жылдарда АП162/5 мекемесінің механикалық цехында аға мастер (1981 - 1985 жж.), Павлодар трактор зауытының ТББ бастығы (1985 - 1992 жж.), «Агрорезинотехника» ЖШС директоры (1992 - 1993 жж.) болып қызмет атқарды. 1993 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Ақ жол» шаруа қожалығының басшысы, Машина жасау колледжісінің оқытушысы болып табылады.

Аудандық мәслихаттың бесінші және алтыншы, жетінші шақырылымдарының депутаты болып үш рет сайланды. «Нұр Отан» партиясының мүшесі болып табылады. Аудандық мәслихаттың  экономика, бюджет, агроөнеркәсіптік кешен, жер қатынастары және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы. «Павлодар облыстық қазақ тілі орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Әдет-ғұрыптық география» бағытының тәлімгері болып табылады. 

 

Жұмыс жасау барысында: 2012 жылы – «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының құрмет грамотасымен, 2012 жылы – Павлодар облысының дін істері басқармасының алғыс хатымен, 2013 жылы – «Павлодар облысына 75-жыл» мерейтойлық медалімен, 2013 жылы – «Павлодар ауданына 85 жыл» мерейтойлық медалімен, 2014 жылы – «Қазақстан маслихаттарына 20 жыл» мерейтойлық медалімен, 2014 жылы – Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының қоғам алдында сіңірген еңбегі үшін құрмет белгісімен, 2014 жылы – Павлодар облысы әкімінің алғыс хатымен, 2015 жылы – Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы басшысының алғыс хатымен, 2016 жылы – Павлодар қаласы әкімінің құрмет грамотасымен, 2019 жылы - «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерейтойлық медальмен  марапатталды.

 

Қабылдау уақыты және байланыс ақпараты

Новоямышево ауылы  – айдың 1- ші сәрсенбісі 11.00-де (әкімдік ғимараты)

Заря ауылы – айдың 1-ші жұмасы сағат 16.00-де (Мәдениет үйінің ғимараты)

Телефон: 8-7182-32-81-17

Әлеуметтік желілер: 

 Instagram @batkeyevbakytbek

https://www.instagram.com/batkeyevbakytbek/

Facebook  Бақытбек Баткеев

 

https://www.facebook.com/profile.php?id=100038220101408

E-mail: maslihat-pvlspec3@mail.ru