Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7728
Бір айда673
Бір аптада168
Кеше30
Тәулік11

ГҮЛНАЗ МАҚАНҚЫЗЫ КАЙЫРБАЕВА - Павлодар аудандық мәслихатының депутаты

Дәреже: Депутаттар
ГҮЛНАЗ МАҚАНҚЫЗЫ КАЙЫРБАЕВА - Павлодар аудандық мәслихатының депутаты

1973 жылғы 24 қазанда туған, білімі жоғары, Семей мемлекеттік медицина академиясын бітірген (дәрігер), Павлодар Инновациялық Еуразия университетін (ПИЕУ) (экономика бакалавры) аяқтады. Қазақ. Тұрмыста, екі бала тәрбиелеуде.

Еңбек жолын 1997 жылы Жедел медициналық жәрдем станциясының жедел жәрдем дәрігері болып бастады. Түрлі жылдары «Павлодар қаласының № 1 қалалық ауруханасы» КМҚК ауруларды қабылдау бөлмесінің дәрігері, меңгерушісі (2003-2008 ж.ж.), «Павлодар қаласының №3 емханасы» КМҚК бас дәрігерінің емдеу-алдын алу жұмысы жөніндегі орынбасары (2008-2010 ж.ж.), «Павлодар қаласының №1 емханасы» КМҚК бас дәрігерінің емдеу-алдын алу жұмысы жөніндегі орынбасары (2010-2014 ж.ж) болып жұмыс істеді. 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Павлодар ауданының емханасы» КМҚК бас дәрігері болып жұмыс жасайды.

Аудандық мәслихаттың алтыншы және жетінші шақырылымдарының депутаты болып екі рет сайланды. «Нұр Отан» партиясының мүшесі болып табылады. 

Павлодар облысы әкімі мен Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының құрмет грамоталарымен, «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен (2018 ж.), «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерейтойлық медальмен (2019 ж.)  марапатталды.

Қабылдау уақыты және байланыс ақпараты

Заңғар ауылы - айдың 4-ші бейсенбісі сағат 16.00-де (а/о әкімдігінің ғимараты)
 

Розовка ауылы - айдың 2-ші жұмасы сағат 9-дан 10-ға дейін (Мәдениет үйінің ғимараты).

Телефон: 8(7182) 60-55-09

Әлеуметтік желілер: 

 Instagram @kairbaeva_gulnaz 

https://www.instagram.com/kairbaeva_gulnaz/

E-mail: maslihat-pvlspec3@mail.ru