Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7721
Бір айда666
Бір аптада161
Кеше30
Тәулік4

ДМИТРИЙ ВИКТОРОВИЧ КОРЕПАНОВ - Павлодар аудандық мәслихатының депутаты

Дәреже: Депутаттар
ДМИТРИЙ ВИКТОРОВИЧ КОРЕПАНОВ - Павлодар аудандық мәслихатының депутаты

1988 жылғы 24 мамырда туған, білімі жоғары, Павлодар Инновациялық Еуразия университетін (құқықтану), Павлодар мемлекеттік университетін (саясаттану, әлеуметтік ғылымдар магистрі) бітірген. Орыс. Үйленген.

Еңбек жолын 2006 жылдан «Росамед» ЖШС заңгері болып бастады, 2007 жылдан 2009 жылға дейін «Павлодар қаласының жедел медициналық жәрдем станциясы» КМҚК санитар болып жұмыс жасады. 2009-2010 жылдары Қазақстан Республикасының ҰҚК шекара қызметінде  әскери борышын өтеді. 2010 жылы «Корепанов Д.В.» ЖК ашты. 2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының Павлодар аудандық филиалының директоры болып қызмет атқаруда.

Аудандық мәслихаттың алтыншы және жетінші шақырылымдарының депутаты болып екі рет сайланды.«Нұр Отан» партиясының мүшесі болып табылады.

 «ҚР ҰҚК ШҚ 20 жыл» мерейтойлық медалімен (2013 ж.), Павлодар облысы әкімінің алғыс хатымен (2014 ж.), ҚР Президентінің алғыс хатымен (2015 ж.), «Нұр Отан» партиясы төрағасының алғыс хатымен (2016 ж.), «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының алғыс хатымен (2017 ж.), Павлодар ауданы әкімінің алғыс хатымен (2017 ж.), ҚР Ұлттық гвардия қолбасшысы генерал-лейтенантының бұйрығымен  «Ұлттық Ұлан қызметінің үздігі» медалімен (2017 ж.), «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерейтойлық медальмен (2019 ж.)  марапатталды.

 

Қабылдау уақыты және байланыс ақпараты

Новочерноярка ауылы - айдың 2-ші сәрсенбісі, сағат 15-тен 16-ға дейін (Мәдениет үйінің ғимараты)
 
Луганск ауылы - айдың 4-ші бейсенбісі сағат 11.00-де (әкімдік ғимараты)
 
Телефон: 8(7182) 32-81-17

Әлеуметтік желілер:   Instagram @dmitriykorepanovkz 

https://www.instagram.com/dmitriykorepanovkz/

Facebook  Дмитрий Корепанов

https://www.facebook.com/dmitriy.korepanov.5

E-mail: pr-favorite@mail.ru