Павлодар ауданы мәслихатының

ресми сайты
Навигация
Бір жылда7728
Бір айда673
Бір аптада168
Кеше30
Тәулік11

АЙТУҒАН АБЫЛАЙҰЛЫ ШАЙХИМОВ - Павлодар аудандық мәслихатының депутаты

Дәреже: Депутаттар
АЙТУҒАН АБЫЛАЙҰЛЫ ШАЙХИМОВ - Павлодар аудандық мәслихатының депутаты

1980 жылғы 26 наурызда туған, білімі жоғары, Павлодар мемлекеттік университетін (қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі), Инновациялық Евразия университетін (Павлодар қаласы) (мемлекеттік басқару бакалавры) бітірген. Қазақ. Үйленген, 3 бала тәрбиелеуде.

Еңбек жолын 1998 жылы Железин ауданы Еңбекші мектебінде мұғалім болып бастады. 1998 - 2004 жылдары Еңбекші мектебінде мұғалім, мектеп директорының орынбасары болып қызмет атқарды. 2004 – 2007 жылдары «Қазақстан-Павлодар» Республикалық Телерадиокорпорациясы» АҚ облыстық филиалында редактор, аға редактор болып қызмет атқарды. 2007-2010 жылдары Павлодар облысы әкімінің аппаратында облыс әкімінің баспасөз қызметін басқарды, содан соң аналитикалық ақпарат орталығы директорының орынбасары болып қызмет атқарды. 2010 – 2012 жылдары Май ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. 2012 жылдан бастап аудандық мәслихат депутаты болып сайланға дейін облыстық мәслихат аппаратының басшысы болып қызмет атқарды (2017 жылғы наурыз).      

2017 жылғы сәуірде 6 шақырылған Павлодар аудандық мәслихатының хатшысы болып сайланды.

2021 жылғы 15 қаңтарда 7 шақырылған Павлодар аудандық мәслихатының хатшысы болып қайта сайланды. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.  

Мерейтойлық медальдермен, облыстық және аудындық деңгейдегі грамоталармен марапатталған (ҚР телекорпорациясының құрмет грамотасы 2006 ж., Май ауданы әкімінің құрмет грамотасы 2011 ж., Мерекелік медальдер: «Павлодар облысына 75 жыл» 2012 ж., «ҚР Мәслихаттарына 20 жыл» 2014 ж., «ҚР Конституциясына 20 жыл» 2015 ж., «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» 2016 ж., «Астана 20 жыл» 2018 ж., «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» 2019 ж., Төс белгі: «Белсенді қызметі үшін» 2019 ж.).

 

Қабылдау уақыты және байланыс ақпараты

Шақат ауылы  – айдың 1-ші сәрсенбісі сағат 15-тен 16-ға дейін (клуб ғимараты)

Кемеңгер ауылы - айдың 1-ші сәрсенбісі сағат 15-тен 17-ге дейін (колледж ғимараты)

 
Телефон: 8(7182) 32-23-69

Әлеуметтік желілер:

Instagram @aitugansh

https://www.instagram.com/aitugansh/

 

Facebook  Шайхимов Айтуган

https://www.facebook.com/profile.php?id=100016509164829

E-mail:maslihat-pvlspec3@mail.ru